Шетел жаңалықтары

Әлем чемпионаты: ФИФА Германия құрамасына айыппұл салды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Германия футбол одағына (DFB) Катардағы әлем чемпионатының ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл салды.

2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турының Испания-Германия (1:1) арасындағы матчының алдында Германия құрамасының бас бапкері Ханси Флик ресми баспасөз конференциясына жалғыз келді, ал бұл ережені өрескел бұзу болып табылады. Баспасөз орталығында жаттықтырушымен бірге ұлттық құраманың бір футболшысы келуі керек.

Германия құрамасының базасы Дохадан 100 км қашықтықта орналасқан, маңызды ойын қарсаңында Флик футболшылардың ешқайсысын мазаламауды жөн көрген.

Нәтижесінде ФИФА DFB-ге он мың швейцариялық франк (шамамен 10,1 мың еуро) айыппұл салды, сонымен қатар ескерту жасады.

Мундиальдің топтық кезеңінің соңғы турында Германия құрамасы 1 желтоқсанда Коста-Рика командасымен ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button