Хоккей

«Барыс» ҚХЛ-дағы ең жас клуб атанды

Қазақстанның «Барыс» клубы Шығыс конференциясының ең жас командасы атанды.

Астана командасының орташа жасы – 25,9. 35 жастан асқан бірде-бір ойыншы жоқ, ал командадағы 30 жастан асқан барлық хоккейшілер легионерлер. Бұлар: Юлий Гудачек, Алекс Грант, Михаил Григорьев және Линден Вей.

Қазақстандық клубтың ең жас өкілі – Дінмұхаммед Қайыржан. 19 жастағы шабуылшы осы маусымда 25 матч өткізіп, 3 (2+1) ұпай жинады.

«Барыс» 36 матчтан кейін Шығыс конференциясының кестесінде тоғызыншы орында тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button