Футбол

«Астана» футбол клубына жаңа спорт директоры тағайындалды

Игорь Павлюк «Астана» футбол командасының спорт директоры қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін Игорь Владимирович «Астана» ФК негізгі құрама командасының аға әкімшісі және футбол орталығының менеджері қызметтерін атқарған.

Футбол саласындағы мансабын 1997 жылы шортандылық «Автомобилист» командасының кәсіби ойыншысы ретінде бастаған.

2005 жылға дейін «Химик» (Степногор), «Астана» (Астана), «Жеңіс» (Астана), «Ақмола» (Степногор), «Екібастұздық-БК» (Екібастұз), «Есіл» (Көкшетау) «Оқжетпес» (Көкшетау) командаларында өнер көрсеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button