Футбол

Бельгия әлем чемпионатымен қош айтысуы мүмкін

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Бельгия құрамасы бүгін үшінші ойынын өткізеді.

Бельгия футболшылары F тобындағы соңғы матчтарын Хорватиямен өткізеді. Ойын елорда уақытымен 21:00-де басталады.

Бұл топта үш құраманың жарысты жалғастыру мүмкіндігі бар. Екі ойыннан кейін Хорватия мен Марокконың – 4, Бельгияның – 3 ұпайы бар. Бірде-бір ұпайға қол жеткізбеген канадалықтар жолдамаға таласа алмайды.

Хорватия мен Бельгия кездесуі «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу Аль-Райан қаласындағы 45032 жанкүйерге арналған «Ахмед бин Али» стадионында өткізіледі.

Бас төреші – англиялық Энтони Тейлор. Оған отандастары – Гари Бесвик пен Адам Нанн көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші – румыниялық Иштван Ковач.

FIFA рейтингінде Хорватия – 12, Бельгия 22-орында тұр.

Екі құрама бұған дейін 8 мәрте кездесті. Олар үш-үштен жеңіске жетсе, екі кездесу тең аяқталды.

Канада мен Марокко кездесуі «Qazsport» теларнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын ел астанасы – Доха қаласындағы 44400 жанкүйерге арналған «Эль-Тумама» стадионында өткізіледі.

Бас төреші – бразилиялық Рафаэл Клаус. Оған отандастары – Родриго Энрике Коррея мен Данило Симон Манис көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші – жапониялық Ёсими Ямасита.

FIFA рейтингінде Канада – 41, Марокко 22-орында тұр.

Екі құрама бұған дейін үш мәрте кездесті. Оның біреуінде тең нәтиже тіркелсе, екеуінде марокколықтар жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button