Футбол

Мексика құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысқан Мексика құрамасының бас бапкері Херардо Мартино қызметінен кетті.

Бұл бапкер Сауд Арабиясымен өткен матчтан кейін қызметтен кететінін мәлімдеген.

Мексикалықтар саудиялықтарды 2:1 есебімен жеңгенімен, плей-офқа шыға алмады.

«Төреші ысқырығы шалынғаннан кейін менің келісімшартым аяқталды, бұған ештеңе істей алмайсың. Бірінші кезекте команданың осындай ойынына мен жауаптымын», – деді Мартино.

С тобынан Аргентина мен Польша келесі кезеңге өтті. 3 желтоқсан күні Аргентина Аустралиямен, 4-інде Польша Франциямен ¼ финалдың жолдамасын сарапқа салады. Мексикамен бірге Сауд Арабиясы да плей-офф кезеңінен тыс қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудың саудиялық «Аль-Наср» клубына ауысуы мүмкін екендігін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе Туниспен ойынға қатыспауы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button