Теннис

Рыбакина Алматыға не үшін келгенін айтты

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Алматы қаласына келіп, жас теннисшілермен кездесті.

Спортшы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Уимблдондағы табысы, сондай-ақ жаңа маусымдағы ой-жоспарын бөлісті, деп хабарлайды ktf.kz.

– Уимблдондағы жеңіс – бұл менің орындалған арманым. Жыл басында өткен турнирлер оңайға соққан жоқ. Дегенмен жыл сәтті өтті. Ұпайлардың есепке алынбағаны өкінішті. Турнирдің ұпайларын есептемегені өкінішті, өйткені мен үздік 10-ға кіре алатын едім. Менің ендігі жоспарым үш «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жету. Сол мақсатарыма жету үшін барымды саламын.

– Жұптық сайыстарда өнер көрсетуге қалай қарайсың?

– Жұптық сайыс – бұл қосымша жүктеме. Мен жұп сайыстарда ойнағанды ​​ұнатамын. Алайда мен жекелей жарыстарда өнер көрсетемін.

– Алматыда уақытыңызды қалай өткізесіз?

– Бір күнге келдім. Менің жұмыс кестем өте тығыз. Маған бұл жер өте ұнайды. Өте әдемі және жайлы. Алматыға жиі келгім келеді.

– Уимблдонда алған жүлденің бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсадыңыз ба?

– Жобалар өте көп. Біз жас теннисшілерге көмектесуді жоспарлап отырмыз.

– Маусымалды дайындық қалай өтіп жатыр?

– Маусым алдындағы соңғы дайындыққа көңілім толады. Енді кемшіліктерді түзетуге кірісеміз. Бізде дайындалуға көп уақыт бар.

– БАӘ-де өтетін турнир жайлы айтсаңыз?

– Бұл қызықты жарыс. Ол әдеттегі форматпен өтпейді. Жақында мені Соболенко, Гарсияға қарсы ойнайтыным, сонымен қатар Зверевпен жұптық сайыста өнер көрсететінім белгілі болды. Дайындық ретінде бұл қызықты жарыс болады деп ойлаймын.

– Көктемде Қазақстан құрамасы Польшамен ойнайды. Қарсыласыңызға қандай баға берер едіңіз?

– Польша өте қиын қарсылас. Бұл командалық жарыс. Рейтинг аса маңызды емес. Әркім өзінің ең жақсы ойынын көрсете алады. Барымызды салу керекпіз. Біз өз алаңымызда ойнайтынымыз қуантады.

– Ең ыңғайсыз қарсыластарды атаңыз?

– Ондай бірнеше ойыншы бар. Мысалы, Онс Жабер мен Касаткина.

– Әлем чемпионатын көріп жүрсіз бе? Кімге жанкүйерлік етесіз.

– Менің футбол көруге уақытым жоқ. Жаттығу кезінде Хорватия матчының үзіндісін көрдім. Кім жеңетінін білмеймін. Бірнеше нұсқаны атсаңыз, мен солардың ішінен таңдаймын?

– Криштиану Роналду ма, әлде Лионель Месси ме? Португалия немесе Аргентина?

– Ммм. Месси. Аргентина.

Айта кетейік, Елена Рыбакина желтоқсан айының ортасында Әбу-Дабиде өтетін көрме-жарысқа қатысатынын, сосын Дубайда жаңа маусымға дайындалатынын жеткізді. Қазақстанның бірінші ракеткасының жаңа жылдағы алғашқы жарысы Аустралияның ашық чемпионаты болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button