Шетел жаңалықтары

Катар-2022: плей-офф кезеңіне шыққан тағы екі команда анықталды

2022 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне Е тобынан шыққан екі команда белгілі болды.

Жапондар Испанияны сенсациялық түрде жеңіп (2:1), бірінші орынға шықты. Испания қосымша көрсеткіштер бойынша Коста-Рикадан (4:2) басым түскен Германия командасын басып озды.

Мундиальдің 1/8 финалында Жапония құрамасы F квартетінде екінші орын алған Хорватиямен ойнайды.

Жапония мен Хорватия арасындағы матч дүйсенбі, 5 желтоқсанда, ал Испания мен Марокко арасындағы ойын 6 желтоқсанда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button