Шетел жаңалықтары

Қатарынан екінші рет: Германия топтық кезеңнен шыға алмады

Германия құрамасы Коста-Рика командасын жеңді.

Катардағы әлем чемпионатында Е тобының соңғы, үшінші туры аясында Германия құрамасы Коста-Рика командасын жеңгенімен, плей-офф кезеңіне өте алмады.

«Әл-Байт» стадионында өткен матч немістердің пайдасына 4:2 есебімен аяқталды. Оныншы минутта есепті неміс шабуылшысы Серж Гнабри ашты. Бірақ екінші таймда Коста-Рика сапынан Ельцин Теджеда (58-ші) мен Хуан Варгас (70-ші) мергендік танытып, кездесу барысын өзгертті. 73-минутта алаңға шыққан Кай Гаверц таблодағы есепті теңестірсе, араға 12 минут салып ол дубль авторы атанды. Қосылған бірінші минутта Никлас Фюлькруг ойын нәтижесін 4:2-ге жеткізді.

Германияның күш-жігеріне қарамастан, ол әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне топтан шыға алмады. Топтан бірінші орыннан Жапония командасы алты ұпаймен, ал екінші орыннан Испания төрт ұпаймен шықты. Германияда да төрт ұпай бар, бірақ испандар доп айырмашылығы бойынша озып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, я 2018 жылы  Ресейдегі әлем кубогында да немістер 1/8 финалға шыға алмаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button