Шетел жаңалықтары

Тарихтағы алғашқы жеңіліс: Испания Жапониядан ұтылды

Тағы бір күтпеген нәтиже Е тобында Жапония мен Испания құрамалары арасындағы матчта тіркелді.

Футболдан 2022 жылғы әлем кубогының топтық кезеңінің үшінші турында жапондар Испанияны жеңді. Есеп ­­– 2:1.

Журналист Алексис Бласкес хабарлағандай, испаниялықтар өз тарихында алғаш рет Азия футбол конфедерациясының командасынан жеңілді.

Бұған дейін Испания Азия командаларымен 15 ойын өткізді: 13 жеңіс және 2 тең ойын (1994 және 2002 жылдары Оңтүстік Кореяға қарсы).

Басқа жаңалықтар

Back to top button