Хоккей

ӘЧ: хоккейден Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды

Отандық хоккейшілер ІА дивизионында өнер көрсетеді

Астанада Норвегиядағы әлем чемпионаты алдында Қазақстан жастар құрамасы оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңі аяқталды.

Отандық хоккейшілер ІА дивизионында өнер көрсетеді, онда олар Франция, Дания, Норвегия, Венгрия және Словениямен жастар хоккейінің элиталық дивизионына өту үшін таласады.

Норвегияға ұшар алдында жаттықтырушылар штабы 28 хоккейшіден тұратын команданың кеңейтілген құрамын ұсынды.

Қақпашылар: Антон Осокин («Торпедо»), Артем Шестаков, Роман Шефер (екеуі де ­- «Снежные Барсы»);

Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Данил Базько, Глеб Решетько, Семен Роев, Климентий Царев (барлығы – «Снежные Барсы»), Дмитрий Бреус («Чайка», ЖХЛ), Иван Гавриленко («Сарыарқа») Александр Денисов («Қыран»), Аслан Жүсіпбеков («Барыс»), Кирилл Никитин («Номад»);

Шабуылшылар: Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Дінмұхамед Сапарбек, Семен Симонов, Никита Ситников, Даниил Цыбин, Илья Шапоров, Алмаз Мұқанов (барлығы – «Снежные Барсы»), Дінмұхамед Қайыржан («Барыс», ҚХЛ), Всеволод Логвин, Алдияр Нұрлан, Константин Морожников (барлығы – «Номад»), Руслан Оспанов («Анкоридж Волверинс», АҚШ), Валентин Попов («Торпедо»), Даниил Свинтальский («Ястребы»);

Бас менеджер – Александр Корешков.

Бапкерлер штабы:
Бас бапкер — Александр Истомин
Бапкер — Ильдус Габдрахманов
Бапкер — Павел Глотов
Бапкер — Владислав Белан
Қақпашылар бойынша бапкер — Александр Кудрявцев.

әлем чемпионатының қорытынды тізіміне 20 ойыншы мен үш қақпашы енеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button