Басты

Әлем чемпионаты: плей-оффтың барлық жұбы анықталды

Плей-оффқа жолдама алған соңғы құрамалар - Швейцария мен Оңтүстік Корея.

Катардағы футболдан әлем чемпионатында топтық кезеңнің қорытындысы бойынша 1/8 финалға шыққан барлық жұп анықталды.

Плей-оффқа жолдама алған соңғы құрамалар G және H тобынан Швейцария және Оңтүстік Корея болды. Бұған дейін Бразилия (G) және Португалия (Н) командалары мерзімінен бұрын өз топтарынан шыққан.

Финалдың 1/8 бөлігінде Бразилия 6 желтоқсанға қараған түні Оңтүстік Кореямен, Ал Португалия 7 желтоқсанда түнде Швейцариямен ойнайды.

Плей-офф жұптары:

Нидерланд – АҚШ

Аргентина – Австралия

Франция – Польша

Англия – Сенегал

Жапония – Хорватия

Бразилия – Оңтүстік Корея

Марокко – Испания

Португалия – Швейцария

Басқа жаңалықтар

Back to top button