Шетел жаңалықтары

«Барселонаның» бұрынғы бас бапкері Мессиге футболдан кетуге кеңес берді

Бұл туралы ол БАҚ өкілдеріне сұхбат беру кезінде мәлімдеді.

«Барселонаның» бұрынғы бас жаттықтырушысы Карлес Рексач Лионель Месси Аргентина құрамасымен 2022 жылғы әлем чемпионы атанса, онда оған футболдан кетуге кеңес берді. Бұл туралы ол БАҚ өкілдерімен сөйлескен кезде мәлімдеді.

«Егер ол әлем чемпионатында жеңіске жетсе, мен одан футболдан кетуін сұраймын, өйткені мундиальда жеңіске жеткеннен кейін сіз одан жоғары көтеріле алмайсыз. Ол қазірдің өзінде көптеген матч өткізіп, көптеген гол соқты», – деді Рексач.

Месси «Барселонаға» дәл осы Рексачтың арқасында келді. Лео каталон клубында 2003 жылдан 2021 жылға дейін өнер көрсетті.

2022 жылғы Әлем кубогының 1/8 финалында Аргентина Австралияны ұтты (2:1), ал ширек финалда Нидерландпен кездеседі. Матч 9 желтоқсанда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button