Қысқы спорт

Екатерина Айдова төрт құрлық додасында күміс жүлдегер атанды

Спортшы 1000 метрге жарыста тек Оңтүстік Кореяның өкіліне жол берді.

Екатерина Айдова Канаданың Квебек қаласында өтіп жатқан 4 құрлық чемпионатында 2-рет күміс жүлдегер атанды.

Бүгін тәжірибелі спортшы 1000 метрге жарыста тек оңтүстік кореялық Ким Мин-Сунға ғана есе жіберді (1:16:066).

Екатеринаның көрсеткіші 1:16:191 секунд. Үздік үштікті канадалық Беатрис Ламарш (1:17:393) түйіндеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button