Басқа спорт түрлері

Каратэден Азия чемпионатына Қазақстаннан кімдер барады?

Қазақстан құрамасы тек кумите бағдарламасында бақ сынайтынын айта кетейік

16-20 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында WKF каратэден ересектер арасында 18-ші, жастар мен кадеттер арасындағы 20-шы және паракаратэден алғашқы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды kazsports.kz. Ұлттық құрама намысын қорғайтын каратэшілер:

Әйелдер – Софья Берульцева (+68 кг), Лаура Әліқұл (-68 кг), Әсел Қанай (-61 кг), Әсемгүл Ердәулет (-55 кг), Диана Алиманова (-50 кг).

Ерлер – Диас Ұлбек, Бейбарыс Жаңбыр, Нұрнияз Елдашов (+84 кг), Дидар Әмірәлі (-67 кг), Қайсар Алпысбай (-60 кг), Низамиддин Қалматов (-55 кг), Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг), Данияр Юлдашев, Игорь Чихмарев.

Қазақстан құрамасы тек кумите бағдарламасында бақ сынайтынын айта кетейік. Ката сынында қазақстандықтар татамиге шықпайды.

Былтырғы сары құрлық бәсекесі Алматы қаласында өтіп, онда жалпы есепте 49 жүлдемен Иран құрамасы топ жарған. Одан кейін Қазақстан мен Жапония каратэшілері үздік үштікті түйіндеген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button