Шетел жаңалықтары

Португалия Щвейцарияны 6:1 есебімен ұтты

Бұл кездесуде Португалия құрамасының жетекшісі Криштиану Роналду алаңға негізгі құрамда шыққан жоқ

Португалия құрамасы Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Швейцарияға қарсы матчта португалдар алты гол соқты, оның үшеуін Гонсалу Рамуш өз атына жазды (17, 51 және 67 минуттар). Пепе (33-ші), Рафаэль Геррейро (55-ші) және Рафаэль Леал (90+2) да мергендік танытты.

Швейцариялықтар сапынан Мануэль Аканжи (58-ші) ғана бір голмен көзге түсті.

Бұл кездесуде Португалия құрамасының жетекшісі Криштиану Роналду алаңға негізгі құрамда шыққан жоқ, тек 74-минутта командаласын алмастырды.

Енді 1/4 финалда португалиялықтар Марокко командасымен ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button