Басқа спорт түрлері

Алматыда спорттық медицинаны дамытуға арналған халықаралық біліктілік курсы өтеді

12-22 желтоқсан аралығында Алматы қаласында "Спорттық медицина және оңалту: Профилактика, емдеу, оңалту" тақырыбында біліктілік курсы өтеді.

Бұл іс-шараны «Спорт медицинасы мен оңалту ораталығы» Қазақтың туризм және спорт академиясымен бірлесіп ұйымдастырып жатыр.  Спорт медицинасы саласында еңбек етіп жүрген мамандар қатысады.  Олар 10 күн бойы Туризм және спорт академиясының ғимаратында тәжірибе жүзінде өз шеберліктерін көрсетеді. Еліміздегі спорт медицинасында еңбек етіп жүрген жас мамандар үшін қажетті іс-шараның бірі болмақ.

Шақырылған спикерлер арасында Ресейдегі білікті мамандардың бірі Максим Никитин, Ираннан Рамин Амирсасан, Беларусь елінен Евгений Акимов, Үндістаннан Verma Rajev бар. Сонымен қатар өзіміздің Жәнібек Кісебаев, Мейербек Көлбаев сияқты дәрігерлер өз білгендерін үйретеді.

«Бұл іс-шараның мақсаты зор. Бірінші кезекте спорттық жарақаттарды диагностикалаудың, емдеудің және оңалтудың жоғары технологиялық әдістеріне тоқталамыз. Шет мемлекеттерден келген мамандарымыз спорттық медицина саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға өз тәжірибелерімен бөлісетін болады», – дейді «Спорт медицинасы мен оңалту орталығының» директоры Азамат Нұрматов.

Бұған дейін бұл орталық бірнеше мамандарын біліктіліктерін арттыру үшін Беларусь еліне жіберегн еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button