Шетел жаңалықтары

Американдық тілші матч кезінде көз жұмды

Қайғылы оқиға туралы марқұмның ағасы хабарлады,

Американдық CBS Sports журналисі Грант Уол 2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Нидерланд пен Аргентина арасындағы матч кезінде қайтыс болды.

Қайғылы оқиға туралы марқұмның ағасы хабарлады, бұл ақпаратты АҚШ футбол федерациясы да растады.

Журналистің ағасы БАҚ қызметкері Катарда әдейі өлтірілген болуы мүмкін екенін айтуда.

Грант Уол CBS-те жұмыс істеген. Оны көпшілік «Бэкхэм эксперименті» кітабының авторы ретінде біледі.

Журналист Люсаилдегі (Катар) «Люсаил Айконик» стадионында отырып матч туралы ақпарат таратқан. Кездесудің қосымша уақытында ол өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Тез арада ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button