БастыҚысқы спорт

Денис Никиша шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды

Турнир Алматыда өтіп жатыр.

Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды.

Алматыда өтіп жатқан аламанда Никиша 500 метр қашықтықта екінші орыннан көрінді. Оның нәтижесі – 40.998. Оңтүстік Кореядан келген Тай Сун Ким алтынды жеңіп алды (40.898). Оңтүстік Кореяның тағы бір өкілі Чана Сануға үшінші орын бұйырды (41.392).

Естеріңізге сала кетейік, Никиша Бейжіңдегі Олимпиадада Қазақстанның намысын қорғаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button