Шетел жаңалықтары

Goal: Месси – әлем чемпионатының үздік ойыншысы

Одан кейінгі орындарда француз футболшылары тұр.

Goal басылымы әлем чемпионатының ширек финалдық матчтарынан соң біріншіліктің үздік ондығын ұсынды.

Басылымның пікірінше, әлем чемпионатының үздік ойыншысы – Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси. Аргентиналық мундиальдің бес матчында төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Екінші және үшінші орындарда Франция ұлттық құрамасының футболшылары Килиан Мбаппе мен Антуан Гризманн тұр.

Үздік ондық:

1. Лионель Месси (Аргентина);
2. Килиан Мбаппе (Франция);
3. Антуан Гризманн (Франция);
4. Доминик Ливакович (Хорватия);
5. Ашраф Хакими (Марокко);
6. Бруну Фернандеш (Португалия);
7. Софьян Амрабат (Марокко);
8. Ришарлисон (Бразилия);
9. Коди Гакпо (Нидерланд);
10. Джуд Беллингем (Англия).

Басқа жаңалықтар

Back to top button