Шетел жаңалықтары

Марокко қақпашысы әлем чемпионаттарының тарихына енді

Буну Хорватия, Испания және Португалиямен ойында өз қақпасын мүлтіксіз қорғады.

Боно лақапатымен танымал Марокко құрамасының қақпашысы Яссин Буну әлем чемпионаттарының тарихына енді.

Opta Sports хабарлағандай, Боно бір әлем чемпионатында үш матчта қақпасына бір де бір гол өткізбеген алғашқы африкалық қақпашы болды. Хорватия (0:0), Испания (0:0, пенальтиде 3:0) және Португалия (1:0) Буну қақпасынан саңылау таппады.

Енді «Атлас арыстандары» әлемдік біріншіліктің жартылай финалында француздармен ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button