Күрес

Азамат Дәулетбековке әлем кубогының қола жүлдесі бұйырды

АҚШ-тың Айова штатына қарасты Коралвилл қаласында өткен еркін күрестен әлем кубогында қазақстандық Азамат Дәулетбеков қола жүлдеге ие болды.

Әлем құрамасы бәсекені екінші айналымнан бастады. Онда А.Дәулетбеков жапониялық Тацуия Шираиды 9:1 есебімен тізе бүктірді. Дегенмен жартылай финалда ирандық Әлиреза Мұхаммед Каримимачианиге жол берді.

Азамат қола жүлде үшін белдесуде грузиялық Сандро Аминашвилиді 8:2 есебімен ұтып, үздік үштікке ілікті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button