Шетел жаңалықтары

Бельгия құрамасы бас бапкер іздейді

Бұл туралы клубтың ресми сайтында жариялады.

Роберто Мартинес отставкаға кеткеннен кейін Бельгия корольдік футбол қауымдастығы жаңа бас бапкерге іздеу салды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жариялады.

Хабарламада қауымдастық толық ставкаға жеңістің не екенін білетін жаттықтырушы іздейтіні айтылған. Ол батыл, өршіл және халықаралық тәжірибеге, тактикалық білімге ие болуы керек. Сондай-ақ топ-ойыншылармен жұмыс тәжірибесі және жас ойыншыларды құрамаға тарта білуі қажет.

Бельгия құрамасының бас бапкері лауазымына түйіндеме 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, Бельгия Катардағы мундиальдің плей-офф кезеңіне шыға алмады, F квартетінде тек үшінші орын алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button