Шетел жаңалықтары

Бензема әлем чемпионатының финалында өнер көрсетуі мүмкін

Қазіргі таңда мадридтік клуб футболшыға Катарда ұлттық құрамасына қосылуға мүмкіндік беріп отыр.

«Реал» шабуылшысы, «Алтын доп-2022» иесі Карим Бензема финалға шыққан Франция құрамасының сапында алаңға шығуы мүмкін.

Белгілі болғандай, форвард жарақатына байланысты Катардағы әлем чемпионатында Франция сапында өнер көрсете алмады. Қазіргі таңда мадридтік клуб футболшыға Катарда ұлттық құрамасына қосылуға мүмкіндік беріп отыр.

Еске салайық, турнирдің финалында Франция мен Аргентина командалары кездеседі. Финал 18 желтоқсанға жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button