БастыШетел жаңалықтары

Сенсация болмады. Франция әлем чемпионатының финалында!

Франция енді финалда Аргентинамен кубокқа таласады.

Бұл құрама Марокконы 2:0 есебімен жеңді. Марокколықтар матчта тәп-тәуір-ақ қимылдаған, алайда қақпаны дәл көздей алмады. Осылайша қазіргі әлем чемпиондарына шамалары жетпеді.

Кездесудің 5-минутында Франция сапынан Тео Эрнандес ойынның есебін ашса, 80-минутта Рандаль Коло Муани екінші голды соқты. Осылайша финалдың жолдамасын қалтаға басты.

Енді Марокко Хорватиямен үшінші орын үшін таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button