Қысқы спорт

Шорт-трек. Алматыдағы әлем кубогының алғашқы нәтижелері белгілі

Алматыдағы «Халық Арена» спорт. және мəдениет сарайында шорт-тректен Əлем Кубогының 4-кезеңі басталды

Күні бойы өткен іріктеу кезінде 17-18 желтоқсан күндері жүлдеге таласатын шорт-трекшілер анықталды.

Ұлттық құрама спортшыларының нəтижесі: Ольга Тихонова, Алина Ажғалиева 1500 метрге жарыста жартылай финалда; Ольга Тихонова, Мадина Жанбусинова – 1000 метр, ширек финалда; Əйелдер құрамасы 3 мың метрде жартылай финалда; Денис Никиша, Абзал Əжғалиев 500 м (1), 500 м (2) ширек финалда. Бұл кезеңде 500 метрге жарыс 2 рет болады. Еркебұлан Шамуханов, Əділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали 1500 метрге жарыста жартылай финалда; Нұртілек Қажғали, Еркебұлан Шамуханов, Əділ Ғалиахметов 1000 метр жарыста ширек финалда;

Еліміздің ерлер құрамасы 5 мың метр эстафетада ширек финалдан ары аса алмады. Абзал Əжғалиев, Денис Никиша, Əділ Ғалиахметов пен Мерсаид Жақсыбаев квартеті 3-топта жарысып, Оңтүстік Корея мен Бельгиядан кейін мəре сызығын кесті.

Еске сала кетейік, бүгін жекелей сында іріктеуден өте алмаған шорт-трекшілер ертең қосымша жарысқа қатысып, жолдамаға тағы таласа алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button