БастыҚысқы спорт

Денис Никиша әлем кубогының жеңімпазы болды

Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық шорттрекші өзіне қолайлы қашықтық – 500 метрден топ жарды.

 

Оңтүстіккореялық Яжан Сунву екінші, бельгиялық Стижн Десмет үшінші орынға ие болды.

 

Бұл – Денис Никишаның биылғы әлем кубогі кезеңдеріндегі төртінші медалі.

 

Осыдан бұрын Солт-Лейк-Сити мен Алматыда 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанған еді.

Сондай-ақ кеше Алматыда тағы да 500 метрліктен мәре сызығын үшінші болып қиды.

Денис Никиша осы жеңісінен кейін мұз айдынында сүйгеніне сөз салды. Ол «Иә», деді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button