Шетел жаңалықтары

2026 жылғы әлем чемпионаты несімен ерекшеленеді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты тұңғыш рет үш елде – АҚШ, Канада мен Мексикада өтеді.

Бұған дейін төрткүл дүние біріншілігі тек екі елде қатар өткен – Жапония мен Оңтүстік Корея (2022 жылы).

Матчтар 16 қалада ұйымдастырылады: АҚШ-тың – 11, Мексиканың – үш және Канаданың екі шаһары.

Ал қатысушылар саны 32-ден 48-ге дейін өседі. Топтық турнирдің нақты форматы 2023 жылы анықталады. Іріктеу турнирі де келесі жылы басталады.

Бұған дейін 1970 және 1986 жылдары әлем чемпионатын қабылдаған Мексика мұндай аламанды үш рет өткізген алғашқы ел атанбақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button