БастыФутбол

Аргентина үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қатар елінде өткен әлем чемпионатының финалында Лионель Месси бастаған Аргентина ұлттық құрамасы Францияны (3:3; 4:2) пенальти сериясында жеңіп, футбол тарихында үшінші рет әлем чемпионы атанды

120 минутқа созылған матч 3:3 есебімен аяқталып, чемпион құрама пенальти сериясы арқылы анықталды.

Пенальти сериясында Эмилиано Мартинес француздардың екі бірдей добын қайтара білді. Орельен Чуамени мен Кингсли Коман өз мүмкіндіктерін сәтті орындай алмады. Ал Аргентина сапынан ешкім мүлт кеткен жоқ.

Матчтың нәтижесі: Аргентина 3:3 Франция (пенальти сериясы 4:2).

ФИФА марапаттау рәсімінде үздіктерді анықтады:

  • Үздік жас ойыншы: Энцо Фернандес (Аргентина);
  • Үздік сұрмерген: Килиан Мбаппе (Франция, 8 гол);
  • Үздік қақпашы: Эмилиано Мартинес (Аргентина);
  • Үздік ойыншы: Лионель Месси (Аргентина).

Басқа жаңалықтар

Back to top button