Күрес

Екінші мәрте өткен Wrestlings Stars жобасының жеңімпаздары анықталды

Елордадағы Жекпе-Жек сарайында еркін күрестен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлем чемпиондары, сондай-ақ MMA шеберлері мен танымал блогерлердің басын қосқан Wrestlings Stars халықаралық додасы өтті.

74 келіге дейін салмақта чемпиондық белбеу сарапқа салынған.Төрт балуан өзара мықтыны анықтады. Алдымен, еркін күрестен 2016 жылғы әлем чемпионы Нұрлан Бекжанов Қырғызстаннан келген Әділет Жапарқұловтан айласын асырды. Сосын ұлттық құрама мүшесі Санжар Досжанов тағы бір отандасымыз Мейрамбек Сүлейменовты оңай жеңді.

Ал финал тартысты өтті. Нұрлан Бекжанов басында тізгінді өз қолына алып, есепте алға шыққан. Бірақ уақыт өте келе Санжар даңқты ағасынан жылдамдығымен басым түсіп, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп 4:2.

Сөйтіп, екінші мәрте ұйымдастырылған Wrestlings Stars жобасының белбеуіне ие болды.

74 келіге дейін салмақтағы чемпиондық белбеу үшін бәсекенің қорытындысы:

Жартылай финал

Әділет Жапарқұлов (Қырғызстан) – Нұрлан Бекжанов (Қазақстан) – 0:2

Санжар Досжанов (Қазақстан) – Мейрамбек Сүлейменов (Қазақстан) -10:0

Үшінші орын

Әділет Жапарқұлов (Қырғызстан) – Мейрамбек Сүлейменов (Қазақстан) – 6:2

Финал

Нұрлан Бекжанов (Қазақстан) – Санжар Досжанов (Қазақстан) – 2:4

Ал өзге белдесулердің нәтижесі төмендегідей:

Негізгі кардтар

57 келі:

Бағдат Жұбаныш (Қазақстан) – Лазизхон Узбеков (Өзбекстан) – 10:0

61 келі:

Зиядин Оспанов  (Қазақстан) – Юсуп Әлімхадижев (Қазақстан) – 14:9

Ернұр Қабатаев (Қазақстан) – Мейрамбек Қартбай (Қазақстан) – 1:10

Әділет (Упучук) Айтжанов – Еламан Сейітхан (Қазақстан) – тушамен Сейітхан жеңіске жетті

65 келі

Тимур Айтқұлов (Қазақстан) – Расул Қалиев (Қазақстан) – 3:3 (жеңімпаз Айтқұлов)

Асылхан Төлепов (Қазақстан) – Қанатбек Тұрғын (Қазақстан) – 22:11

70 келі

Еркебұлан Боранғали (Қазақстан) – Нұрислам Санаев (Қазақстан) – 3:9

79 келі

Бибарыс Нұрыллаұлы (Қазақстан) – Шухрат Бозоров (Тәжікстан) – 5:0

Василий Тахтай (Қазақстан) – Аджибола Олавунми Аккани (Нигерия) – Тахтай тушемен жеңді

Айтым Жақыпов (Қазақстан) – Руслан Силин (Қазақстан) – 12:1

86 келі:

Рустам Экашев (Қазақстан) – Магаме Рамазанов (Румыния) – 0:10

92 келі:

Вадим Литвинов (Қазақстан) – Алман Керимов (Ресей) – 0:10

Нұрғали Нұрғайыпұлы (Қазақстан) – Eslami Syerus (Ұлыбритания) -11:1

97 келі:

Бауыржан Советов (Қазақстан)- Алехандро Виллагомес (Эквадор) – 6:7

125 келі:

Дәулет Шабанбай (Қазақстан) – Айаал Лазерев (Қырғызстан) – 11:1.

Басқа жаңалықтар

Back to top button