Шетел жаңалықтары

«Реал Мадридтің» бас бапкері Аргентинаның жеңісінің себебін түсіндірді

«Реал Мадридтің» бас бапкері Карло Анчелотти Аргентина құрамасының әлем чемпионатында жеңіске жету себебін түсіндірді.

«Бұл керемет турнир болды және ол ғажап финалмен аяқталды. Аргентина жеңіске жетті және оның екі себебі бар: біріншіден, олардың ойыншылары өте мықты, екіншіден, олар Джулиан Альварес пен Энцо Фернандес сияқты жастардың әлеуетін тамаша пайдаланды», – деді Анчелотти.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Франция командалары кездесті. Матчтың негізгі және қосымша уақыты тең аяқталды – 3:3.

Пенальти сериясында аргентиналықтар 4:2 есебімен жеңіске жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button