Шетел жаңалықтары

Әлем чемпионатының ең үздік голы анықталды

Бұл атаққа таласқандар арасында Мбаппе мен Неймар да болды

Бразилия құрамасының шабуылшысы Ришарлисон Катарда футболдан өткен әлем чемпионатының ең үздік голының авторы атанды.

Англияның «Тоттенхэм» клубы форвардының бірінші турда Сербия құрамасына (2:0) салған голы жанкүйерлердің ең көп дауысын жинады.

Үздік голға таласқан ойыншылар арасында Сәлем Әл-Даусари (Сауд Арабиясы), Коди Гакпо (Нидерланд), Энцо Фернандес (Аргентина), Венсан Абубакар (Камерун), Луис Чавес (Мексика), Килиан Мбаппе (Франция), Пэк Сын Хо (Оңтүстік Корея) мен Неймар (Бразилия) болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button