шахмат

Алматыда шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Біріншілік 25 желтоқсанда басталады

25-30 желтоқсанда Алматы қаласында рапид және блиц шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Біріншілікке 50 мемлекеттің мықтылары қатысады.

Жүлде қоры – 1 млн доллар.

Атақты Магнус Карлсен (Норвегия, желтоқсандағы рейтингі 2859) Алматыға келіп үлгерді. Одан бөлек Хикара Накамура (АҚШ, 2768), Фабиана Каруана (АҚШ, 2766), Ян Непомнящий (FIDE, 2793), Аниш Гири (Нидерланд, 2764), Александр Грищук (ФИДЕ, 2745), Шахрияр Мамедьяров (Әзірбайжан, 2740), Ян-Кшиштоф Дуда (Польша, 2729), Юй Янъи́ (Қытай, 2728), Максим Вашье-Лаграв (Франция, 2737) секілді ойыншылар бар.

Әйелдер арасында Александра Горячкина (ФИДЕ, 2584), Катерина Лагно (ФИДЕ, 2563), Хампи Конеру (Үндістан, 2572), Тан Жонгуй (Қытай, 2518), Нана Дзагнидзе (Грузия, 2517), Харика Дронавали (Үндістан, 2507), Жансая Әбдімәлік (Казақстан, 2496), Сарасадат Хамедальшарьех (Иран, 2490), Антоанета Стефанова (Бұлғария, 2442), Александра Костейнюк (ФИДЕ, 2520), Бибісара Асаубаева (Қазақстан, 2440) бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button