Хоккей

«Барыс» қазақстандық хоккейшімен келісімшарт жасасты

«Барыс» хоккей клубы Александр Борисевичпен келісімшарт жасасқаны туралы ресми түрде хабарлайды.

Қазақстандық шабуылшымен екіжақты келісім ағымдағы маусымның соңына дейін жалғасады.

Форвард өз мансабын Қарағандының «Сарыарқа» клубында өткізген. Қазақстан құрамасының құрамында Александр жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының (IA) қола жүлдесін жеңіп алды, сондай-ақ жастар арасындағы әлем чемпионатының (ІА) жеңімпазы атанды.

Ағымдағы маусымда Борисович ел чемпионатында 31 матч өткізіп, 47 ұпай жинады. Өткен аптада спортшы Мәскеудегі Бірінші канал кубогында ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button