Теннис

Елена Рыбакина Дубайдағы командалық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда өткен World Tennis League турнирінің чемпионы атанды,

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина «Қаршығалар» (Hawks) тобында өнер көрсетті.

Бұл топта сондай-ақ Александр Зверев, Доминик Тим және Анастасия Павлюченкова ойнады.

Жарыс барысында қазақстандық теннисші қарсыластарының бәрін де ұтты. Соның ішінде әлемнің бірінші ракеткасы, поляк қызы Ига Свентек те бар.

Енді Елена Рыбакина жаңа жылдағы додаларға қатысу үшін Аустралияға жол тартады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button