Хоккей

«Барыс» сырт айдында «Авангардтан» жеңілді

ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчында «Авангард» өз айдынында «Барысты» жеңді.

Ойын айдын иелерінің пайдасына 5:2 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар құрамында Никита Михайлов, Алекс Бродхерст, Иван Мирошниченко, Сергей Толчинский және Александр Дергачев мергендігімен көзге түсті. Елорда клубынан Линден Вей мен Егор Петухов ерекшеленді.

Айта кетейік, 28 желтоқсанда «Барыс» Новосибирскіде «Сібірмен» кездеседі.

«Авангард «(Омбы, Ресей) – « Барыс «(Астана, Қазақстан) ­­- 5:2 (2:1, 1:1, 2:0)

Шайбалар:

1: 0-09: 18 Михайлов. Теңдікте

1:1 — 11: 56 Вей (Михайлис). Теңдікте

2:1 — 16: 24 Мирошниченко (Малихин). Теңдікте

2:2 — 22: 58 Петухов (Сағадеев, Шевченко). Теңдікте

3:2 — 32: 49 Толчинский (Грицюк, Телегин). Басымдықта

4:2 — 42: 37 Дергачев. Теңдікте

5:2 — 59: 14 Бродхерст. Теңдікте, бос қақпаға

Қақпашылар: Демченко-Бояркин

Басқа жаңалықтар

Back to top button