Қысқы спорт
Шаңғы спортынан Ресей чемпионы Қазақстан азаматтығын алды
Ресейлік шаңғышы Александра Скороходова Қазақстан азаматтығын алып, енді еліміздің атынан өнер көрсетеді.
Халықаралық шаңғы спорты федерациясының сайтында Александра биылғы 5 желтоқсаннан бастап Қазақстан туының астында өнер көрсететіндігі жазылған.
«Александраны жоғары нәтиже көрсеткен соң алдық. Ол 16-17 жастағылар арасында үздік. Әрі өз спортшыларымыздың деңгейін көтергіміз келеді. Мықты болу үшін өзіңнен асып түсетін адамдармен бәсекелесуің керек. Қазір Александра бізбен бірге жаттығып жүр және Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсетеді», – деп мәлімдеді Алматы жоғары спорт шеберлігі мектебінің аға бапкері Марк Шпарберг.