Шетел жаңалықтары

Хабиб MMA-де 2022 жылдың үздік бапкері атанды

Беделді американдық MMAJunkie порталы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен мексикалық Хавьер Мендесті аралас жекпе-жектегі 2022 жылдың үздік жаттықтырушылары деп таныды.

Басылым Хабиб пен Мендес Ислам Махачев, Осман және Омар Нурмагомедов және Белал Мухаммед сияқты үздік жауынгерлерді жаттықтыратынын атап өтті. Сондай-ақ Нурмагомедов Сайгид Изагахмаев, Гаджи Рабаданов, Имам шафи Әлиев, Ислам Мамедов, Абубакар Нурмагомедов және Тагир Ұланбековті жаттықтырады.

Нурмагомедов, бұрынғы жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, жекпе-жектегі мансабын 2020 жылдың қазан айында аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button