Басты

Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі: Месси мен Роналду жүздікке де енбеген

Беделді football-observatory.com (CIS) порталы әлемдегі ең қымбат футболшылардың жыл сайынғы рейтингін жариялады.

Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы статистикалық модельдің жеке деректері негізінде әлемнің 75 лигасында ұсынылған 30 мыңнан астам ойыншының болжамды құнын ұсынды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Ойыншылардың трансферлік құнын бағалау AES экономикалық алгоритміне сәйкес есептелген.

Порталдың мәліметінше, ең қымбат футболшы – Дортмундтың «Боруссиясында» ойнайтын ағылшын Джуд Беллингем. Басылым ақпарынша, неміс клубы 19 жастағы ойыншы үшін 208 миллион еуро талап ете алады. Франция құрамасының шабуылшысы Киллиан Мбаппе бұл рейтингте үшінші орында, ал «Манчестер Ситидің» норвегиялық шабуылшысысы Эрлинг Холанд бесінші орында.

Лионель Месси мен Криштиану Роналду бұл рейтингте жүздікке де енбеген.

Ең қымбат 20 футболшы:

  1. Джуд Беллингем («Боруссия Дортмунд») – 208,2 миллиона еуро.
  2. Фил Фоден («Манчестер Сити») – 200,5 миллион еуро.
  3. Килиан Мбаппе (ПСЖ) – 191,7 миллион еуро.
  4. Винисиус Жуниор («Реал Мадрид») – 190,5 миллион еуро.
  5. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») – 174,9 миллион еуро.
  6. Педри («Барселона») – 170,2 миллион еуро.
  7. Гави («Барселона») – 147,6 миллион еуро.
  8. Джамал Мусиала («Бавария») – 145,1 миллион еуро.
  9. Йошко Гвардиол («РБ Лейпциг») – 125,8 миллион еуро.
  10. Федерико Вальверде («Реал Мадрид») – 123,5 миллион еуро.
  11. Родри («Манчестер Сити») – 117 миллион еуро.
  12. Луис Диас («Ливерпуль») – 109,7 миллион еуро.
  13. Френки де Йонг («Барселона») – 109,3 миллион еуро.
  14. Букайо Сака («Арсенал») – 108,7 миллион еуро.
  15. Родриго Гоэс («Реал Мадрид») – 107,4 миллион еуро.
  16. Орельен Тчуамени («Реал Мадрид») – 107,2 миллион еуро.
  17. Ферран Торрес («Барселона») – 106,8 миллион еуро.
  18. Рубен Диаш («Манчестер Сити») – 105 миллион еуро.
  19. Жоау Канселу («Манчестер Сити») – 103,6 миллион еуро.
  20. Эдер Милитао («Реал Мадрид») – 102 миллион еуро.

Басқа жаңалықтар

Back to top button