Хоккей

Универсиада-2023: хоккейден Қазақстан құрамасы анықталды

12 және 22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лэйк-Плэсидінде XXX Дүниежүзілік қысқы универсиада өтеді.

Хоккей турниріне Қазақстан құрамасы қатысады. 8 қаңтар күні ойыншылар алғашқы дайындықты өткізіп, 9 қаңтар күні Америкаға аттанады. Онда 13 қаңтар күні Кореяға қарсы алғашқы матчын өткізеді.

Назарларыңызға алдағы жарыстарға қатысатын студенттік құраманы ұсынамыз. Өтінімге 22 хоккейші – 19 айдын ойыншысы мен 3 қақпашы кірді:

Қақпашылар: Роман Калмыков, Андрей Шутов (екеуі де – «Номад»), Денис Каратаев («Сарыарқа»)

Қорғаушылар: Данил Бутенко, Мади Диханбек, Артем Королев, Кирилл Никитин, Абылайхан Сулейменов (барлығы – «Номад»), Иван Гавриленко («Сарыарқа»), Кирилл Полохов («Арлан»)

Шабуылшылар: Станислав Александров, Олег Бойко, Али Касенов, Всеволод Логвин, Абай Мангисбаев, Батырлан Муратов, Максим Мухаметов, Алдияр Нурлан, Алихан Омирбеков (барлығы – «Номад»), Саян Данияр, Руслан Демин («Сарыарқа»), Максим Мусоров («Химик», ЖХЛ)

Бас бапкер: Ғалым Мәмбеталиев

Бапкер: Александр Высоцкий

Басқа жаңалықтар

Back to top button