Хоккей

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Канада чемпион атанды

Канадада жастар арасында 2023 жылғы әлем чемпионаты мәресіне жетті.

Финалда айдын иелері Чехия құрамасымен кездесті. Ойында Солтүстік Америка құрлығының өкілдері қарсыласынан овертаймда 3:2 есебімен басым түсіп, жеңімпаз болды. Үшінші орын үшін сайыста АҚШ құрамасы овертаймда Швецияны 8:7 есебімен жеңіп кетті.

Австриялық жастар Латвияға жеңіліп, алдағы жылы бірінші дивизионда сынға түсетін болды. Оның орнын Норвегия құрамасы басты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button