Хоккей

Алекс Грант ҚХЛ тарихында покер жасаған алғашқы футболшы атанды

«Барыс» ойыншысы, канадалық Алекс Грант Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тарихында 4 гол соққан алғашқы қорғаушы атанды.

Ол Владивостокта «Адмирал» қақпасына 4 гол енгізді. Канадалық хоккейші сонымен қатар, екі кезеңде 4 гол соққан үшінші ойыншы болып отыр. Бұған дейін ҚХЛ-да осындай нәтижеге Максим Якуценя мен Найджел Доус қол жеткізген еді.

«Барыс» сапында бұған дейін қорғаушылардан Кевин Даллман ғана 3 гол соққан болатын. Ол 2008 жылы 8 қазанда ЦСКА командасымен өткен матчта хет-триктің авторы атанған еді. «Барыстың» тағы бір ойыншысы Найджел Доус 2013 жылы 22 ақпанда «Трактормен» бәсекеде 4 гол соққан-ды.

Биылғы маусымда Гранттың есебінде 16 (7+9) ұпай бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button