Теннис

Елена Рыбакина Australian Open-ді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбрунде өтіп жатқан Australian Open жарысын сәтті бастады.

Әлемдік рейтингте 25-орында тұрған жерлесіміз алғашқы айналымда 48-орында тұрған италиялық Элизабетта Кочареттоны 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 23 минутқа созылды.

Рыбакина екінші айналымда Кайя Юван (Словения, рейтингте 104-орында) – Селена Яничевич (Франция, 185-орында) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Рыбакина 2022 жылы Grand Slam жарыстарының қатарына енетін Wimbledon турнирінде жеңіске жеткен еді. Australian Open де Grand Slam жарыстарының тізімінде.

Australian Open жарысының жекелей сынына Рыбакинадан бөлек Қазақстаннан Юлия Путинцева (47) мен ерлер арасында Александр Бублик (36) қатысып жатыр. Путинцева алғашқы айналымда румыниялық Сорана Крыстямен (42) кортқа шығады. Ал Бублик испаниялық Алехандро Давидович Фокинамен (32) ойнайды.

Жылдың Үлкен дулыға санатындағы алғашқы турнирі 29 қаңтарда аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button