Басты

Универсиада-2023: қазақстандық хоккейшілер Ұлыбританияны 15:1 есебімен жеңді

Хоккейден Қазақстан құрамасы үшінші ойында жеңіске жетті.

Қазақстандық хоккейшілер АҚШ-тың Лейк-Плэси қаласында өтіп жатқан Универсиадада табысты өнер көрсетіп жатыр. Студенттер үшінші матчта Ұлыбритания құрамасын ойсырата ұтты.

Матчтың есебін Батырлан Мұратов ашып, британиялықтардан Сэмюэл Роджерс есепті теңестірді. Қазақстан алғашқы үзіліске дейін 5 шайба соғып, алға шықты. Гол авторлары – Батырлан Мұратов (дубль), Максим Мухаметов, Всеволод Логвин, Иван Гавриленко және Артем Королев.

Екінші кезеңде ұлттық құрама қарсылас қақпасына тағы жеті шайба енгізді. Гол авторлары – Данил Бутенко, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов (хет-трик), Руслан Демин, Әли Қасенов, Кирилл Полохов және Гавриленко (дубль).

Үшінші бөлімде Полохов матчтағы екінші шайбасын соғып, есепті 14:1-ге жеткізді. Матч нүктесін Мұхаметов қойды. Осылайша есеп – 15:1.

Айта кетейік, ұлттық құрама 17 қаңтар күні Астана уақыты бойынша 03:30-да Словакия құрамасына қарсы ойнайды. Турнир кестесінде Ғалым Мамбеталиев шәкірттері үш ойыннан кейін 9 ұпаймен бірінші орында келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button