Басты

Қазақстан қоржынына Универсиаданың екінші алтыны түсті

Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіру жарысында жеңіске жетті.

Бірінші мүмкіндігінде ол 127,2 ұпаймен көш бастаса, соңғы айналымда екінші (130,1) болып мәреге жетті, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Қазақстандық шаңғышы австриялықтар Максимиллиан Линхер мен Тимон Паскаль Кахоферді басып озды. Үздік ондыққа тағы екі жерлесіміз – Сергей Ткаченко мен Никита Девяткин енді.

Басқа отандық спортшылардың нәтижесі мынадай:

Сергей Ткаченко – жетінші (220,9),

Никита Девяткин – тоғызыншы (216,2),

Святослав Назаренко – 20 (147,3),

Мағжан Амангелдіұлы – 21 (144,5).

Васильевтің медалі Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль болды.

Қазіргі уақытта 2 алтын медальмен қазақстандық студенттер жалпы командалық есепте алтыншы орында тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button