Басты

Қанат Ислам рингке оралады

Бұл туралы оның жаттықтырушысы Роджер Рома мәлімдеді

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22 KO) рингке оралады. Бұл туралы оның жаттықтырушысы Роджер Рома мәлімдеді. Маман жаттығу процесінің басталу мерзімін айтты.

«Біз Қанатпен жұмыс істеуді жалғастырамыз. Ол қазан айында жекпе-жек өткізді, содан кейін отбасымен демалуға кетті. Жақын арада біздің оқу-жаттығу жиынына жоспарларымыз белгілі болады. Сондай-ақ жекпе-жек өткізу мерзімін анықтаймыз. Оқу-жаттығу жиындарын Флоридада бастауды жоспарлап отырмыз. Бізді тыңғылықты жаттығу процесі күтіп тұр. ОЖЖ шамамен қаңтардың аяғында басталады.

Біздің мақсатымыз ортақ. Біз шыңға ұмтыламыз. Қанаттың бір мақсаты бар – әлем чемпионы болу. Мен бұл оның қолынан келеді деп сенемін», – деді бапкер.

Соңғы рет Ислам рингке 7 қазанда Плант-Ситиде (АҚШ) аргентиналық боксшы Хавьер Франсиско Масьелге (34-18, 23 КО) қарсы шығып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button