Теннис

Рыбакинаның үшінші айналымдағы қарсыласы анықталды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбкинаның Australian Open-2023-те жекелей сында үшінші айналымдағы қарсыласы анықталды.

Рыбакина американдық Даниэль Коллинзбен өзара кім мықтыны анықтайды. Коллинз екінші айналымда Чехия өкілі Каролина Мухованы жеңген – 6:7, 6:2, 7:6. Кездесу екі сағат 55 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина үшінші айналымның жолдамасын словениялық Койя Иванмен сарапқа салып, екі сетте жеңді – 6:2, 6:1. Кездесу 58 минутқа созылды.

Бірінші айналымда Рыбакина Италия өкілі Элизабетта Коччареттаны ұтты – 7:5, 6: 3.

Басқа жаңалықтар

Back to top button