шахмат

Шахмат федерациясын Тимур Турлов басқарады

Қазақстан шахмат федерациясының президенті болып кәсіпкер және қаржыгер Тимур Турлов сайланды.

Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында федерацияның вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов мәлімдеді.

«Тимур Турлов – Қазақстан шахмат федерациясының жаңа президенті! Ғалым Құсайынов ҚШФ қамқоршылық кеңесіне ауысты, біз шахматты қамқоршы ретінде дамытуға көмектесеміз», – деп жазды Дәрмен Сәдуақасов.

Бұған дейін ұйымның президенті қызметін Ғалым Құсайынов атқарған.

Тимур Русланович Турлов – Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық холдингінің негізін қалаушы және иесі, оның акциялары NASDAQ биржасында сатылады (frhc белгісі).

1987 жылғы 13 қарашада Мәскеуде дүниеге келген. 2004 жылы Мәскеу мемлекеттік университетіне (МАТИ) экономика және басқару факультетіне оқуға түскен. Университетті бітіргеннен кейін Тимур Турлов «экономист-менеджер» мамандығы бойынша диплом алды, сондай-ақ брокерлік, дилерлік және бағалы қағаздарды басқару қызметі бойынша қаржы нарығының маманы ретінде қосымша оқудан өткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button