Теннис

Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі

Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды.

Қазақстандық ерлер құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі. Осыған дейін қос құраманың жолдары түйіскен жоқ.

Матч 16-17 немесе 17-18 қыркүйек күндері өтеді. Болгарияны жеңген жағдайда Қазақстан командасы 2024 жылдың ақпанында командалық әлем чемпионатының іріктеу матчында ойнайды.

Биыл 4-5 ақпанда Юрий Щукиннің шәкірттері Дэвис кубогының іріктеу сайысында Ла Серена қаласында Чили құрамасына жол берген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button