Қысқы спорт

Конькиші Алина Дауранова әлем чемпионатынан қола медаль еншіледі

Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Дүбірлі дода Германияның Инцель қаласында өтіп жатыр. Жарысқа 23 елден 149 спортшы қатысуда.Әлем чемпонатының алғашқы күнінде 500 метр қашықтықта бақ сынаған Алина мәреге үшінші келіп, құрама қоржынына жүлде салды. Ал, алтын медальға Италия спортшысы Серена Пергер қол жеткізсе, күміс жүлдені нидерландық Ангел Далеман алды.Бұған дейін әлем кубогында 1000 метрге жүгіруде чемпион атанған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button