Теннис

Рыбакина Әбу-Дабидегі турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркеліп, додаға екінші айналымнан қосылған қазақстандық теннисші кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазіргі уақытта 20-орында тұрған чехиялық Каролина Плишковамен шеберлік байқасты, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Осыған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, екеуінде де Рыбакина басым түскен еді.

Бұл жолы Елена бірден брейк жасады – 1:0. Сет біткенше сол қарқынынан айырылған жоқ – 6:4.

Екінші партияда да қазақстандық теннисші брейкпен алға шықты – 3:1. Сосын есепті 5:1-ге жеткізді. Ақыры матчты эйспен аяқтады – 6:2.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі, Беатрис екінші айналымда тағы бір қазақстандық, рейтингте 45-орындағы Юлия Путинцеваны 6:4, 6:7 (5:7), 7:6 (7:4) есебімен ұтып кетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button